Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Малайзияны жеңді
Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының топтық кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді.
21 қазанда ұлттық құрама Малайзия командасына қарсы кездесу өткізді. Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай мен Моңғолия құрамаларын ұтқан болатын.
Дереккөз: Olympic.kz